• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Шілде, 2020

Әкімшілік құқық бұзушылық: 62 мың тұрғын жауапқа тартылды

576 рет
көрсетілді

Павлодар облысында әкімшілік құқық бұзған 62 мың тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Барлық тұрғындарды заңға бағынатын адамдар деп атауға болмайды. 2020 жылдың алты айында Павлодар облысының 62 тұрғыны түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапқа тартылды.

Бұл жол ережелерін, экологиялық заңнаманы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, отбасылық және тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық және т.б.

505 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, бүгінде 348 миллион теңге өндірілді. Әкімшілік айыппұл – бұл әкімшілік құқық бұзушылық үшін ҚР заңнамасында белгіленген жағдайларда және шектерде әкімшілік іс қозғалған сәтте қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшердегі ақшалай айыппұл.

Салынған айыппұл шешім күшіне енген күннен бастап 30 күннен кешіктірмей төленеді (апелляцияға 10 күн).

Тұрғындар үшін әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын “Gamgor.gov.kz” сайтында тексеруге болады.

Соңғы жаңалықтар