• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Шілде, 2020

Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатына сатып алынған медициналық жабдықтар елге 14 шілдеде жеткізілуі мүмкін

551 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатына сатып алынған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың екі аптадан астам уақыт ішінде Қазақстанға жіберілмей жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, Үкімет бұл жүкті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетуді әдейі созып отыр деген ақпарат негізсіз, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Анкара мен Ыстамбұл қалаларынан Түркия үкіметінен ресми гуманитарлық көмекті, Түрік қазақтары қауымдастығы (KATEAD) мен Қазақстан азаматтарының бастамашыл тобы сатып алған жүкті елімізге жеткізуді пысықтап жатқандығын хабарлаймыз.Бұл жүктерді жеткізудің жалпы үйлестіру жұмыстарын Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі жүзеге асырады. Сондай-ақ, осы ынтымақтастық туралы ақпаратты KATEAD өз веб-сайтында жариялады.Жүктерді авиакомпаниямен Анкара-Алматы бағыты бойынша жеткізу ағымдағы жылдың 14 шілдесіне жоспарланған.Осы ретте жалған немесе тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз.