• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Шілде, 2020

Айналма жол азаптан құтқарады

345 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының орталығында Солтүстік-Шығыс айналма жолы ресми түрде ашылды. Бұдан былай транзиттік авто­көліктер кеншілер астанасының жолдарын тал­қандап, ауасын ластап, көшелерін қақ жарып өтпейтін болды. Олар енді жаңа жолмен қаланы сыр­тынан айналып өтеді.

Айналма жолдың ашылуына арнайы келген Индустрия және ин­фрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев салтанатты сәттің Елорда күні мерекесімен тұспа-тұс кел­генін ризашы­лықпен атап өтті.

– Солтүстік-Шығыс айналма жолы 2017 жылы Ел­басының тапсырмасы бойын­ша салына бастаған еді. Жол халықаралық стан­дарт­тарға сәйкес келеді және Екатеринбург-Алматы дәлі­зіне енеді. Мұнда жеті көлік айрығы бар. Бұл – бірінші санаттағы жол, – деп біткен іске жоғары баға берді ол.

Мамандардың есебіне сүйенсек, облыс орталығымен күніне 22 мың­нан астам автокөлік өтеді екен. Ал жаңадан салын­ған бұл жол болса, Қарағандыны айналып өтіп, қаланы тран­зиттік автомобильдер мен ауыр жүк көліктерінен боса­туға мүмкіндік береді.

Солтүстік-Шығыс айналма жо­лы төрт жолақты етіп салынған, ас­фальт­бе­тонды жабыны бар. Жол жа­бынының бірінші жөн­деуге дейінгі қызмет мерзімі 15 жылға тең. Қоз­ғалыс қауіпсіздігін қам­тамасыз ету үшін жолақ­тар арасында ирек бі­леу ор­­на­тылған. Жолдың есептік жыл­дам­дығы саға­тына 120 шақырым бо­лады.

Айналма жолдарды қай­та құру аясында жеті жол айрығы, тоғыз жол өтпесі, Соқыр өзені арқылы өтетін көпір және демалыс үшін екі алаң салынған. Жоба Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Шығыс Қа­зақстан облыстары ба­ғыт­тары бойынша көлік айрықтарын қарастырады.

Облыс әкімі Ж.Қасымбек Сол­түстік-Шығыс айналма жолының құрылысына 3 мыңнан астам жол жұмыс­шылары мен 500 бірлік техника жұмылдырылғанын мәлім етті.

– Құрылысшылардың 80 пайызы облыс тұрғындары болды. Солтүстік және Шығыс айналма жолдардың өңір үшін стратегиялық маңызы зор. Себебі жо­балар­ды іске асыру қа­ла көшелеріне түсетін жүк­те­мені айтарлықтай төмен­детеді, жолдардың тозуын азайтуға, апаттылықтың тө­мен­­деуіне және эко­ло­гиялық жағдай­дың жақ­саруына алып келеді. Сон­дай-ақ облыс ор­талығы мен Қазақстанның оң­түс­тік өңір­лерін көлік байланысымен қам­тамасыз етеді, – деп атап өтті ол.

Жалпы, Қарағанды облысында жол құрылысы жобалары бойынша ауқымды жұмыс қолға алынған. Мы­салы, өңірде Жамбыл мен Алматы жаққа қарай бағыт алған Балқаш, Бу­рылбайтал жолдарының құрылысы іске асырылып  жатыр, сондай-ақ Жезқазған – Қызылорда жолын жобалауды аяқтау жоспарда бар. Бұдан бөлек, биыл Қызылорда – Жез­қазған және Жезқазған – Қа­ра­ғанды жолдарын жобалау бас­талады. Қарағандыдан Павлодар ба­­ғытындағы жол мен Қар­қаралы ба­ғы­тындағы жолды қайта жаңарту жос­­парда бар.

Жалпы ұзындығы 48,4 шақырым болатын Сол­түстік-Шығыс айналма жолының құрылысы «Нұр­лы жол» мемлекеттік ин­фрақұрылымдық даму бағ­дарламасы бойынша «Орталық – Оңтүстік» дәлі­зін қайта жаңарту жос­парына енгенін айта кеткен ләзім.

 

Қарағанды облысы