«Астана» баскетбол клубы тоғыз ойыншымен келісімшартын ұзартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Атап айтар болсақ, команда капитаны Рустам Мырзағалиев, Максим Марчук, Дмитрий Гаврилов, Николай Бажин, Роберт Пан, Вадим Щербак, Асқар Майдекин, Руслан Айтқали және Андрей Литвиненко алдағы маусымда да «Астана» клубында өнер көрсетеді. Жанкүйерлер үшін ең ардагер ойыншы Антон Пономаревтің құрамаға оралуы қуанышты хабар болды. Осымен, қазіргі таңда «Астана» сапында барлығы 10 қазақстандық ойыншы бар.