Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде еңбегі сіңген бірқатар медицина қызметкерлерін арнайы наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері»
атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі –
Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Исаев Олег Николаевич
(марқұм)
–
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі
Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы
(марқұм)
–
«Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 шілде
№ 370
Сондай-ақ бүгін құрбандарға тағзым шарасы республикалық арналарда тікелей эфир арқылы көрсетіледі.