• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Шілде, 2020

Гэн Липин: Туыстары мен жақындарынан айырылған қазақстандық достарымның қайғысына ортақпын

372 рет
көрсетілді

13 шілде – бұл тек қана қайтыс болғандарды еске алатын Аза тұту күні ғана емес, сонымен бірге тірілер үшін жұбаныш болып табылады. Бұл –  адам өміріне деген құрметтің көрінісі және сөзсіз, адамдардың эпидемияны жеңуіне деген ұмтылысы мен күшін нығайтады.

Соңғы бірнеше ай ішінде мен Қазақстан үкіметі мен халқы короновирустық індетке қарсы қандай ауыр күрес жүргізгенін және бұл үшін қаншама күш-жігер жұмсағандарына куә болдым. Мен қарапайым адам ретінде пандемия кезінде туыстары мен жақындарынан айырылған қазақстандық достарымның қайғысына ортақпын. Осының бәрі маған осы жылдың сәуір айында Цинмин мерекесі кезінде өткен Қытайдағы ұлттық аза тұту күні туралы тағы да еске салады. Мен Алматыдағы Қытайдың Бас консулдығының атынан және жеке өз атымнан індетке қарсы күресте қаза болғандар және ауру құрбандары бойынша қайғыға ортақтасып, олардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын.

Бүгінгі таңда бүкіл әлемде 12 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды, 550 мыңнан астам адам оның құрбанына айналды, әлемдік экономиканың дамуы үлкен қиындықтарға тап болды. Осының бәрі әлемнің барлық елдері үшін күрделі дағдарыс пен сын-қатерге айналды. Бұл бізге вирус ешқандай шекараны білмейтінін, ал пандемия адамзаттың жалпыға ортақ жауы болып табылатынын және әлемнің барлық елдерінің тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты екенін ескертеді. Ешкім де шетте қала алмайды, және тек біріккен күш-жігер мен бірлескен іс-қимылдар барлығыүшін жақсы жол болып табылады.

«Бірлік пен ынтымақтастық – бұл індетті жеңудің ең күшті қаруы», – деді ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз депрессия мен апатияға ұшырауға жол бермеуіміз керек. Бүгінде біз бірлігімізді бұрынғыдан да көбірек көрсетуіміз қажет», – деп атап өтті.

Коронавирус індеті басталғаннан бері біздің елдеріміз әрқашан бірге болды, бір-біріне қолдау көрсетті, бір-біріне көмектесті, шынайы ынтымақтастықта болды, қиындықтармен бөлісті, нақты іс-әрекеттермен Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік қарым-қатынасының шынайылығы мен жоғары деңгейін көрсетті, сонымен бірге Қытай мен Қазақстанның біртұтас тағдыры қауымдастығын бірлесіп құру жолында ұмытылмас және бағалы ортақ естеліктерді қалдырды.

Қараңғы бұлттар күнді тұта алмайды және бұл өмірде өтіп кетпейтін ешқандай апат жоқ! Ендеше сенімімізді одан сайын арттырып, бірге күш-жігер салып, қатарлас күресуді жалғастырайық, адамзат тарихындағы осы қиын-қыстау кезеңді бірге өткерейік.

Гэн Липин,

Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы