Елімізде коронавирустың таралғанына тура төрт ай болды. COVID-19 жұқтырудың алғашқы жағдайы осы жылдың 13 наурызында тіркелген еді. Ол Германиядан келген екі азаматтан анықталды, деп жазады Egemen.kz
26 наурызда Қазақстанда коронавирустан болған бірінші өлім тіркелді. Сол күні 64 жастағы әйел қаза тапты.
Бүгінгі таңда елімізде індетті жұқтырғандар саны 59 899-ға жетті. Жазылып шыққандар - 34 190, қайтыс болғандар - 375.
Әлем бойынша коронавирус 12 млн 878 мың адамнан анықталды. 568 мыңға жуық науқас көз жұмып, 7 млн-нан астам адам індеттен айықты.