Мәскеудің Батыс Бирюлево ауданында 25 жасар Егор Щербаковты пышақтап өлтірді дегшен күдікті Орхан Зейналовты полиция өз елі – Әзербайжаннан сұрау алып, іздестіріп жаатыр. Бұл туралы «Росбалт» хабарлады.
Мәскеу ішкі істер органдары кісі өлтіруге күдікті туралы Әзербайжаннан дерек сұрастырған. Сонда әзербайжан полицейлері оның бұл жақта да кісі өлтіргені үшін іздестірілуде тұрғанын айтқан. Мұны Мәскеу полициясының бастығы Анатолий Якунин агенттік тілшісіне мәлімдеген.
«Ықтимал күдіктінің кім екені анықталды. Ол Әзербайжан республикасының тұрғыны екен. Бірақ ол жақта кісі өлтіріп қашып кеткен үшін іздестіріліп жүр екен», - деді Якунин. «Қазір оны қолға түсірудің барлық амалдары қарастырылып жатыр», - деді ол.
Сұлтан Бозайғыр.