• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Шілде, 2020

Польшада Анджей Дуда президент сайлауында жеңіске жетті

339 рет
көрсетілді

Польшаның қазіргі президенті Анджей Дуда елдегі президент сайлауының екінші турынжа жеңіске жетті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік сайлау комиссиясы 100 пайыз бюллетеньді санап, Дуданың 51 пайыз дауыспен жеңіске жеткенін мәлімдеді. Оның қарсыласы Варшава әкімі Рафал Тшасковскийге дауыс берушілердің 49 пайызы дауыс берген.

Бұл – Польшада коммунистік режим құлағалы, яғни 1989 жылдан бергі президент сайлауындағы ең аз дауыс айырмашылығы.

Дуда – консерваторлар өкілі. Оның сайлауалды кампаниясы ұлттық құндылықтарды қорғауға құрылған. Қазіргі президент аборт пен ЛГБТ идеологиясын сынайды.

Тшасковский – либеральды құндылықтарды жақтаушы. Ол ЛГБТ өкілдерін қудалауға қарсы.

Польшадағы сайлау екі турға ұласты. 28 маусымдағы бірінші турда Дуда 46,5 пайыз, ал Тшасковский 30,5 пайыз дауыс алған.

Анджей Дуда 2015 жылдың тамызынан бері президент болып отыр. 2015 жылғы сайлауда ол Польшаның сол кездегі басшысы Бронислав Комаровскийді жеңген.