Синоптиктер 14-16 шілде аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Күндіз 14 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдін күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 14-16 шілдеде кей жерінде 35 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 80-85%.
"14 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерде найзағай күтіледі, 38-41 градус қатты ыстық сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%", - делінген хабарламада.
Күндіз 14-16 шілдеде Қостанай облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Қостанай қаласында күндіз 14-16 шілдеде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
14 шілдеде Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 43 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда қаласында күндіз 14 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі. 41 градус қатты ыстық сақталады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%.