• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2013

Футбол. Ресей құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

240 рет
көрсетілді

Ресей құрамасы бүгін, 15 қазан күні Бакуде Әзербайжан құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнап, нәтижесінде өз тобында бірінші орынға шықты. Осы жетістік оның келесі жылы Бразилияда өтетін әлем чемионатына қатысуын қамтамасыз етті. Бұл туралы «Лента.Ру» сайты хабарлады. Ресейліктер осы тең ойыны арқылы өзінің басты бәсекелесі – Португалия құрамасынан бір ұпай озып кетті. Біздің солтүстіктегі көршілеріміз есепті 16-минутта ашты. Оны Роман Широков салды. Олар осы есепті ойынның соңына дейін ұстап тұрды. Тек 90-минутта алаң иелері сапынан Вагиф Джавадов соққан гол кездесуді тең нәтижеге алып барды. Турнир кестесінде екінші орынға табан тіреген португалдар бұл күні Люксембургті 3:0 етіп ұтты. Қорытындыда Ресей – 22, Португалия 21 ұпаймен мәреге жетті. Руслан Игілік.
Соңғы жаңалықтар