Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасына індеттен қаза болған отандастарымызды еске алып, тағзым ететінімізді жазды.
«Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін», деп жазды Қазақстан басшысы.
Сондай-ақ Президент Twitter-дегі парақшасы арқылы: «Үкімет пен әкімдер осы қиыншылықтардан шығу үшін шұғыл шаралар қабылдауда. Дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, еріктілердің жанкешті жұмысына ризашылық білдіремін», деді.