• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2020

Шымкент қаласында жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер саны азайған

157 рет
көрсетілді

Шымкентте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер саны азайған. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

Осыдан апта бұрын бір күнде тұрғындардан 2142 қоңырау келіп түсетін болса, қазір бұл сан 1839-ды құрап отыр. Жаз басталғалы қала халқының ЖРВИ және пневмониямен көп ауырғандығы байқалған. Қалада жалпы эпидемиологиялық ахуал қалыпқа түсе бастады дейді әкімдіктегілер. Шаһар аумағында барлық 24 ауруханаға бір күнде 1200 өттекті баллон қажет. Осыған қарай қазіргі таңда Шымкент қаласында өттегі өндіретін 5 мекемемен келісімшарт жасалып, баллондар ауруханаларға тұрақты түрде жеткізілуде. Ал дәрі-дәрмек бойынша Ресей, Украина, Түркия, Өзбекстан тағы басқа елдердің компанияларымен келісу арқылы дәрі-дәрмектер қалаға жеткізіліп жатыр. Ал дəрілердің бағасын тұрақтандыру үшін құрылған 4 мониторингтік топ бүгінге дейін 50 заңбұзушылық фактісін анықтаған. Сонымен қатар келесі аптада Ресейден тәжірибе алмасу үшін әрі көмек беру үшін 5 маман, Түркия елінен 10 маман келеді деп күтілуде.

"Алғашқы кезекте қалада инфекциялық ауруханалар санын көбейттік. Бұрын 490 төсек орын болатын болса, оған қосымша 160 төсек орын ашылып, 650-ге ұлғайттық. Одан кейін екінші провизорлық стационарлар онда 1320 төсек орын болатын болса, қазіргі кезде 3210 төсек орынына дейін көбейттік",-дейді қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр.