Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz
Өңірлерде эпидемиолог, анестезиолог, пульмонолог, инфекционист, реаниматолог мамандар жетіспейді. Министрлік КВИ-мен күреске қарсы түлектерді тартып жатыр. Оның ішінде, анестезиолог – 88, пульмонолог - 7, инфекционист – 26. Сондай-ақ, кадр тапшылығын шешу үшін министрлік шаралар қабылдап жатыр. Медицина университеттері бойынша 2 083 волонтер маман тартылды.
Президенттің Атырау облысында кадр тапшылығын шешу тапсырмасы бойынша, 13 шілдеде бірқатар шара қабылданды. Бас санитар дәрігердің бақылауы бойынша өңірге тауар мен қызметті бақылау бойынша 5 маман, 6 ресейлік маман, 10 клиникалық кафедра ғалымы, 9 клининцист бағытталды. 78 интерн дәрігер бір апта ішінде жетеді. Бұл шаралар Атырау облысын 108 жоғары білікті маманмен қамтуға мүмкіндік береді.
Маңғыстау облысына 56 маман бағытталады. 9 ресейлік маман өңірде жұмыс істеп жатыр. 42 интерн дәрігер бір апта ішінде жетеді. Маңғыстау, БҚО, Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкентке мамандар тобы жасақталған