Өткен түні Жапонияның орталық бөлігінде болған «випха» тайфунынан сегіз адамдай қаза болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Апаттың негізгі салмағы Токионың оңтүстігінде орналасқан Идзуосима аралына келіп түсті. Мұнда күшті жел мен жер көшкінінен 280 ғимарат қирап қалған.
Ресми деректерге қарағанда, 37 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында қалып отыр. Ал бірқатар жергілікті БАҚ өкілдері 50 адамның жоғалып кеткенін хабарлауда.
Жапонияның алты префектурасында 30 мыңнан аса адамды қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылданды. Дауыл электр желілерін үзіп тастап, 40 мыңнан астам үйді жарықсыз қалдырған. Елде темір жол қозғалысы бұзылып, әуежайларда шамамен 520 рейс кейінге қалдырылды.
Айдар Өрісбаев.