• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2013

Көрнекті мемлекет қайраткері Орал Мұхамеджанов дүниеден озды

460 рет
көрсетілді

Көрнекті мемлекет қайраткері Орал Байқонысұлы Мұхамеджанов дүниеден озды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады.

«Кеше ауыр науқастан соң саяси қайраткер, Парламент Мәжілісінің 3-4-шақырылымдарының төрағасы, Мемлекет басшысының сенімді серіктерінің бірі - Орал Мұхамеджанов дүниеден озды. Осыған орай, Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің Қытай Халық Республикасына ресми сапарын тоқтатты. Біз Орал Байқонысұлының туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Өз елін өле сүйген мемлекет қайраткері, тамаша адам, адал досымыз әрі әріптесеміз біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - деді бүгін Мәжілістің жалпы отырысында вице-спикер Сергей Дяченко.

Осыған орай, Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысы 1 минут үнсіздікпен басталды.

Соңғы жаңалықтар