• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2013

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкер жоғалып кетті

320 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында із-түссіз жоғалған кәсіпкерге қатысты жаңа деректер пайда болды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Владимир Волков мінген тікұшақтың маркасы - «Робинзон- 44». Ол 13 қазанда сағат таңғы 7-лер шамасында жеке тікұшақпен Жаңақала ауданындағы аңшылық шаруашылығына кеткен болатын.

Белгілі болғандай, Владимир Волков «Талап» акционерлік қоғамының президенті қызметін атқарады. Тікұшақта дәл осы компанияның өкілі Григорий Поляничко да болған екен. Кеше кәсіпкер Волковтың әйелі Ольга Дунаева жұбайының із-түссіз кеткені жайлы арыз жазды.Оның айтуынша, бұл тікұшақ «Орал-Жаңақала-Тасқала-Чижи-Орал» бағыты бойынша ұшуы мүмкін. Қазір іздестіру жұмыстарымен ішкі істер департаменті айналысуда.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар