• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2013

Қызылордалық шенеуніктің дипломы жалған болып шықты

278 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында шенеунік жалған дипломмен ауыл әкімі міндетін атқарған. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық басқармасының бастығы Ғалым Тұрсынбаев айтып берді. 

«Тәртіптік кеңесте Қазалы ауданы Тасарық ауылы әкімінің міндетін атқарған Бөлебайға қатысты іс қаралды,- деді ол. ҰҚК Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің хатына сәйкес, Бөлебай мемлекеттік қызметке орналасу барысында жоғары білім туралы жалған диплом берген». Тұрсынбавтың сөзіне қарағанда, аталған шенеуніктің іс-әрекетінде қылмыстық белгілер байқалады, осыған байланысты тәртіптік кеңес осы іс бойынша барлық материалдарды қаржы полициясына тапсыруға шешім қабылдады.  
Соңғы жаңалықтар