• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 14 Шілде, 2020

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

1866 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр саясаты мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия және ҚР Денсаулық сақтау министрінің келісімдері бойынша облыс әкімінің өкімімен Пазылов Сәбит Бексейітұлы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Қырық бес жастағы Сәбит Бексейітұлы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина, Almaty Management University (бұрынғы Алматы халықаралық бизнес академиясы) университеттерін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталығында клиникалық ординатор ретінде бастаған.

2009-2019 жылдар аралығында №4 Алматы қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары, Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың бас дәрігері, осы орталықтың бас директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары, Қызылорда облыстық медициналық орталығының директоры, Алматы қалалық медициналық жедел-жәрдем станциясы бас дәрігеріболған.

Былтырдан бастап №1 Алматы қалалық клиникалық ауруханасындағы "Smart Healt University" ЖШС медициналық директоры қызметін атқарып келді.