Премьер-Министр Асқар Маминнің ресми мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстанда 2 тамызға дейін шектеу шаралары ұзартылады. Осылайша, "Барыс" хоккей клубы маусым алдындағы жиындардың басталуы тамыздың басына ауыстырылғанын хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz.
Сонымен қатар, тамыз айының бірінші онкүндігіне жоспарланған шайбалы хоккейден ҚР Президентінің Кубогы үшін халықаралық турнирдің дәстүрлі ұтыс ойыны тоқтатылды.
Мұндай шешімді ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қабылдады.