Ақтөбе облысы әкімдігі мен Ресейдің Орынбор облысы үкіметі арасында әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық, соның ішінде денсаулық сақтау саласы жөнінде келісімшартқа қол қойылған.
Бүгінгі пандемия жағдайында бұл бағытта орынборлықтар тарапынан ақтөбеліктерге шипасы тиетін тағы бір қадам жасалды. Яғни аталған келісімшартқа сәйкес Ақтөбе аймағындағы провизорлық және күндізгі стационарларға 52 мың қорапша дәрілік препараттар жеткізілді.
Мұндағы он түрлі дәрілік құрамнан тұратын препараттардың барлығы қазіргі күні неғұрлым жоғары сұранысқа ие екенін айтқан жөн. Атап айтқанда, «Азитромицин», «Бромгексин», «Ванкомицин», «Дексаметазон», «Ксарелто», «Фраксипарин», «Цефотаксим» және «Цефтриаксон» атауын иеленген дәрілер өкпе қабынуын тоқтатуға көмегін тигізбек. Сондай-ақ фармацевт мамандардың мәлімдеуінше аталған препараттардың дене қызуы мен қақырық түсіретін пайдасы мол.
Ақтөбе облысы