• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Шілде, 2020

Тайынша ауданында коронавирус жұқтырған дәрігер қайтыс болды

966 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстанның Тайынша ауданына аты жаман індет алғашқылардың бірі болып жеткен еді. Аудандар арасында алғашқы карантин де осында жарияланған.

Сол күндерден аудандық аурухананың ақ халатты абзал жандары жаман індетпен алысуда болды. Алғашқы кезеңде олар ауруды құрықтап та үлгерді. Осы күрестің басында жүргендердің бірі аудандық көпсалалы аурухананың терапевт дәрігері Лариса Сливкина болған еді. 24 жылдық тәжірибесі бар дәрігердің жасы небәрі 48 еді.

​Індетпен алысып жүріп, ол өзіне де жұқтырып алған екен, кеше ол да қайтыс болды. Дәрігердің артында екі ұлы қалды. "Біз Ларисаны мейірімді жан ретінде ғана білдік. Ол жұртқа әрқашан көмек қолын созғысы келіп тұратын. Өзі де мамандығын жақсы меңгерген маман еді", деп еске алады әріптестерінің бірі Н.Гливинская.