• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Шілде, 2020

Өткен тәулікте республикада 32 орман және дала өртке оранды

399 рет
көрсетілді

Ауа райының ыстық болуына байланысты республикада өр қаупі өршіп тұр. Өткен тәулікте республика бойынша 32 орман және дала өрт оқиғасы тіркелді. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Кербұлақ аудандарындағы және Қапшағай қаласындағы, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Мұғалжар, Темір, Байғанин, Қобда, Хромтау аудандарындағы, Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Қаратөбе, Жәнібек, Шыңғырлау, Бөрілі, Бәйтерек аудандарындағы құрғақ шөптің жануы ауыздықталды. 

Аталған өңірлерде өртке оранған аймақтың жалпы ауданы 10648 мың га құрады, соның ішінде Атырау облысында – 4405 га және Ақтөбе облысында – 5000 га өрт ауданы айтарлықтай ауқымды алды. Өртті ауыздықтауға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құраламаларының, орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Батыс Қазақстан  облысындағы 2 өрт және 4 жану ТЖК бақылауында, олар Ақжайық ауданының "Бударин орманшылығы" КММ және "Чапаев орманшылығы"  КММ орман алқабының жануы, сондай-ақ Теректі, Ақжайық, Тасқала аудандарындағы құрғақ шөптің жануынан туындаған. Өрттерді жою шаралары қабылдануда.

ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады. Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері: халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанып жатқан сіріңке, атудан кейінгі тығынның бықсуы, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінен ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағайдың ойнауы.