• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Шілде, 2020

Атырауда медицина қызметкерлеріне марапат тапсырылды

256 рет
көрсетілді

Президент Жарлығымен мемлекеттік марапат алғандардың қатарында қайтыс болған төрт медицина қызметкері бар.

"Құрмет" орденімен облыстық №2 ауруханасының инфекционист дәрігері Жұмабек Дәулетов, Атырау облысы ауруханасының рентгенолог дəрігері Ғаділет Сұлтанғалиев, Атырау облыстық кардиологиялық орталығының хатшысы Папузина Елена Яковлевна, ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен облыстық  жедел жәрдем стансасының фельдшері Алмагүл Демесінова наградталды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов марқұм болған медицина қызметкерлерінің наградаларын олардың туыстарына табыс етті. Сонымен бірге, қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, азаматтардың денсаулығын сақтаудағы жанқиярлық еңбегі үшін бірқатар дәрігерлер де мемлекеттік наградаларға ие болды.  

"Бүгінде  коронавируспен күресте алдыңғы қатарда қызмет етіп жүрген барша қайсар,  батыл қызметкерлеріміздің еңбегі еленіп жатқанына қуаныштымын. Бұл қиындықтыбір халық, бір қоғам болып еңсеріп шығатынымызға сенімдімін", - деді "Парасат" орденімен марапатталған облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Гүлнафис Рахметова.