• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Шілде, 2020

Бразилияда бір тәулікте 1300 адам коронавирустан көз жұмды

95 рет
көрсетілді

Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігі елде тәулігіне коронавирустық инфекцияның 41 857 жаңа жағдайы тіркелгенін, сонымен қатар індеттен 1 300 адам қайтыс болғанын растады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгінгі күні елде коронавирустан 74 000-нан астам адам көз жұмған. Коронавирустан қайтыс болғандар саны дүйсенбіден (13 шілде) бері 1,7%-ға өсті, ол кезде көз жұмғандар саны 72 833 болған.Пандемия басталғалы бері Бразилияда 1 млн 926 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырған. Ресми мәліметтерге сәйкес, елдегі 1 млн 209 000-нан астам адам коронавирустан емделіп шықты. Бүгінгі таңда 3 928 өлім жағдайы тергеліп жатыр.