• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Шілде, 2020

Түркістанда заңсыз 12 мыңнан астам дәрі-дәрмек тәркіленді

344 рет
көрсетілді

Түркістан тұрғынынан 12 мыңнан астам заңсыз дәрілік зат тәркіленді, деп жазады Egemen.kz

Жедел-іздестіру барысында Қаржы министрлігіне қарасты Қаржы мониторингі комитеті Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, дәрі-дәрмектерді рұқсат құжаттарынсыз сатумен айналысқан екі дәріхананың әрекетін әшкереледі.

Түркістан қаласының тұрғыны Төреқұлов көшесі, 69-үй мекенжайы бойынша "Раяна" және Қожанова көшесінде орналасқан "Гуламова" дәріханаларында лицензиясыз дәрі-дәрмектерді сатқаны анықталды.

Тінту барысында 12 341 қаптамадағы 714 дана дәрілік зат тәркіленді. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша материалдар, сондай-ақ алынған дәрілік препараттар кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ісі Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне берілді.