• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Шілде, 2020

Атырауда COVID-такси қызметі іске қосылды

158 рет
көрсетілді

Елімізде бұл қызмет түрі алғаш рет Атырауда қолға алынып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына қарағанда, COVID-такси пневмония мен  коронавирустан үйінде емделіп жатқан науқастарға қызмет көрсете бастады.  

Ал, облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаеваның мәлім етуінше, қауіпті індет тіркелгеннен бері ​ жедел жәрдемді  шақырушылар көбейіпті. Бұрын тәулігіне 700-800 шақырту тіркелетін болса, қазір  оның саны 1300-ге дейін артыпты. ​

"Ал, COVID-такси  қызметі осы  жүктемені азайтуға ықпал етуде. Бұл  толыққанды бригадамен тең дәрежеде медициналық қызмет көрсете алады. COVID-такси  коронавирус, пневмонияға шалдыққандармен бірге, қызуы көтеріліп тұрған науқастардың да шақыртуына  барады. Егер коронавирусқа шалдыққан науқас дәрігердің қабылдауынан шығып, үйіне жете алмай тұрған жағдайларда осы қызметті  пайдалана алады. COVID-такси-дің бригадасы жүргізуші мен ​ фельдшерден тұрады. Өкінішке орай, біздің де қызметкерлеріміздің арасында науқастанып жатқандар бар. Қазіргі уақытта қолда бар мүмкіндікті барынша тиімді пайдалануға тырысып отырмыз", - дейді Атырау облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаева.

Елімізде алғаш рет Атырау іске қосылған жаңа қызметтің жүргізушілері де алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Олар базалық реанимациялық көмек көрсету бағытында курстан өтіпті. Пневмония мен коронавирусқа шалдыққан науқастар бұл қызметті ​ дәрі-дәрмек тасымалы үшін де пайдалана алады. ​