• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 16 Шілде, 2020

Еліміздің бірнеше өңіріне дауылды ескерту жарияланды

388 рет
көрсетілді

Түнде 17 шілдеде Атырау облысының кей жерінде найзағай күтіліп, солтүстіктен жел соғады. Желдің күші 15-20 м/с. Күндіз 17 шілдеде 34-39 градуске қатты ысыса, ал оңтүстікте  42 градус және өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай болады және желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-41 градус қатты ыстық сақталады.

***

17-18 шілдеде күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-43 градус аптап ыстық күтіледі.

Шымкент қаласында 40 градус қатты ыстық болса, Түркістан қаласында 40-42 градусқа дейін ысиды деген болжам бар.

17-20 шілдеде күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде 40°С-ка дейін қатты ыстық күтіледі. 

Тараз қаласы 17-20 шілдеде күндіз 38°С қатты ыстық күтіледі.

17 шілдеде Қызылорда облысында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғады, Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіліп, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

***

Күндіз 17-19 шілдеде Қостанай облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Ал Ақмола облысының кей жерінде солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 17 шілдеде солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

***

17 шілдеде Қарағанды облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз оңтүстігінде қатты ыстық 38 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ал Жезқазған қаласында күндіз 17 шілдеде қатты ыстық 36-38 градус күтіледі.