Beeline ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен меморандумы шеңберінде медицина жұмыскерлерін тегін байланыспен қамтуда.
Компания мен ҚР Денсаулық сақтау министрілігі арасындағы меморандум нәтижесінде Beeline елімізде COVID 19 қарсы күрестегі медицина қызметкерлерін Интернетке қолжетімділігі бар тегін мобильді байланысты қамтамасыз етуді жалғастыруда.
"Пандемия кезінде көптеген бизнес-компаниялар әлеуметтік жауапкершілік танытып, коронавирустық инфекцияның таралуымен байланысты туындаған мәселелерді шешуге атсалысуда. Меморандумның мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды қолдауға бағытталған", - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев. Ал Beeline Қазақстан Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин: "Коронавирус соңғы айлардың басты тақырыбы болып отыр. Дәрігерлер заманымыздыңбас батырларына айналды. Осы күндері аурумен алдыңғы шептегі күресте жүргендердің бәрін қолдау ерекше маңызға ие. Сондықтан біз Қазақстанда COVID-19 бар пациенттерді емдеуде жұмыс жасап отырған медициналық персоналға тегін байланыс пен интернетті ұсынуды жалғастырудамыз", - деді.
Дәрігерлерге деген бұл қолдау 2020 жылғы 17 тамызға дейін жарамды, оған 30 ГБ интернет трафигі мен ҚР кез келген нөмірлерге 300 минут қоңырау шалу кіреді. Айта кету керек, бүгінгі күнге дейінмеморандум шеңберінде Beeline-нан байланыс пен интернетті 11 098 адам алады, ал Beeline пандемияның бірінші күндерінен бастап, елдің 19 707 медициналық жұмыскерлеріне тегін мобильді байланыс және интернет ұсынған.
Оның алдында компания елден тыс қалған қазақстандықтарға байланыс топтамаларын ұсынып, сондай-ақ карантин мерзіміне ТВ көрермендеріне толық топтамаларды ашты. Компания қазақстандық зейнеткерлерге және мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тегін мобильді байланысты берді: дауыстық және интернет трафикті "Әлеуметтік" және "Хабар-лау+" тарифтік жоспарлардың барлық пайдаланушылары алды. Бұдан басқа, 286 әлеуметтік ресурстарға тегін қолжетімділік ашылды, олардың арасында әлеуметтік, білім беру сайттары және университеттердің ресми ресурстары мен дәрегрелердегі тегін қабылдауға арналған мобильді қосымшасы іске қосылды дейді әлеуметтік жауапкершілікті нақты іспен дәлелдеген компания.