Халықаралық садақ ату федерациясы 2020 жылғы дәстүрлі әлем кубогін өткізбейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Мұндай шешім қабылдауға әлемдік коронавирус пандемиясы себеп болған. Халықаралық садақ ату федерациясының атқарушы комитетінің мәліметінше, келесі маусымға дейін ашық ауада ешқандай құрлықтық және әлемдік жарыс өткізілмеуі мүмкін. Десе де, 2021 жылғы маусымда жабық кешенде өтетін додалар туралы нақты шешім қалыданған жоқ. Жоспар бойынша жабық кешендегі бәсекелер қазаннан ақпан айына дейін өтетін еді. Қазіргі таңда пандемияға байланысты жарыс күнтізбесіне өзгертулер мен толықтырулыар енгізілуде. Жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты ағымдағы маусымға арналған жарыс кестесі әлі бекітілген жоқ.