• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Шілде, 2020

Шымкентте бірқатар лауызым өкілін "ақша жымқырды" деген күдікпен ұстады

1422 рет
көрсетілді

Шымкентте Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен 1-қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігеріне тергеу ісі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ-нің бұрынғы басшысы мен "№1 қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ РМК-ің бұрынғы бас дәрігеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар 2019 жылы S-сыныпты оториноларинголог дәрігерінің жұмыс орнына арналған жабдықты қымбат бағамен сатып алу арқылы 52 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Күдіктілер кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот шығарады.

ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.