• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Шілде, 2020

Қазалыда кредиттік тұрғын үйлер салынуда

315 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының Қазалы ауданында 4 пәтерлі 10 кредиттік тұрғын үй құрылысы басталды. Әйтеке би кентінің 5 квартал аумағынанбасталған құрылыстың бас мердігері "Мұнай құрылыс" көп салалы құрылыс фирмасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, - деп хабарлайды Egemen.kz

 

Құрылыс басына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы барып, баспаналардың сапалы салынуына баса назар аударуды тапсырды.

Бүгінде тұрғын үй мәселесі еліміздегі ең өткір әлеуметтік проблемалар қатарында тұр. Соның ішінде, Қазалыда да баспана мәселесі өзекті. Кредиттік баспана аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда. Он үй де 8 айда салынып бітуі тиіс. Алайда мердігер мекеме тұрғын үйдің құрылысын жылдың аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Жоба бойынша бір үйде 4 пәтер қаралған. Әрбір үйде 2 бөлмелі 2 пәтер, 3 бөлмелі 2 пәтерден бар. Тұрғын үй газ, ауыз сумен, электрмен қамтылады. Әр пәтер дербес жылу және ыстық сумен біріктірілген, газ отынды қазандығымен жабдықталады. Жаңа баспанаға "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы кезекте тұрған салымшылар қол жеткізе алады.