• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Шілде, 2020

Атырауда сегіз дәріхана айыппұл төлейді

827 рет
көрсетілді

Дәріханалардағы заңсыздықтарды  прокуратура қызметкерлері бақылауға алды. Қазір өңірде облыс прокуорының өкімімен құқық қорғау және мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы дәріханаларға тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек,  жұмыс тобы дәрі-дәрмекті шекті бағадан асыра  сатқан 30 деректі анықтап отыр. Осындай заңсыздыққа жол берген сегіз дәріхананың әрқайсысы 361 140 теңге көлемінде  айыппұл салынды.  

"Сонымен қатар, прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың заңсыз айналымына қатысты  алты деректі  анықтады. Оның ішінде дәрі-дәрмекті жоғары бағамен үйден заңсыз және тиісті тіркеусіз сату бар. Тексеру кезінде  заңсыз айналымнан 7 500 дәрілік препарат, 180 000 медициналық бетперде алынды", - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Заңсыз айналымнан алынған дәрі-дәрмектер мен бұйымдар денсаулық сақтау басқармасына берілді.