• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Шілде, 2020

Нұр-Сұлтанда 11 дәріхана иесі жазаланды

267 рет
көрсетілді

Қалалық прокуратура, полиция, мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеу, фармацевтикалық бақылау қызметкерлерінен тұратын мобильді топ күн сайын дәрі-дәрмектермен алыпсатарлық фактілерінің жолын кесу үшін жұмыс істеуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, I-teka қосымшасын қолдана отырып, әлеуметтік желілердегі (Инстаграм, Facebook, Тelegram, WhatsApp) хабарламаларды зерделеу арқылы бағалар үнемі қадағаланады. 17 шілдедегі жағдай бойынша 30 дәріхана дәрі-дәрмектерді, сонымен қатар Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектерді қымбат бағамен сататыны анықталды.

Қаралған материалдар негізінде 11 дәріхана иесі фармацевтикалық қызмет ережелерін және дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Олардың әрқайсысына 180 570 теңге айыппұл салынды. Атап айтқанда, "Лайм Фарм" ЖК, "Асильбаева Д.А" ЖК, "Ансар-Фарм" ЖШС, "Medi Lab Smartpharma" ЖШС, "Баязитова Ж.К" ЖК, "Абдильбаева А.Т" ЖК, "Мамаева А.К" ЖК, "Сулейменова А.Ж" ЖК, "Базикова и ЮК" ЖШС, "Фарм-Бизнес Астана" ЖШС, "Бермаханова К. Ш" ЖК жауапкершілікке тартылды.

"Егер заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, фармацевтикалық қызметпен айналысу лицензиясының қолданысын бір айдан алты айға дейін тоқтата тұру түрінде жауапкершілік қаралады", – делінген Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының хабарламасында.

19 дәріхана үшін материалдар уәкілетті органмен жинақталып зерттелуде. Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектерді сату фактілері бойынша екі құқық бұзушыға қатысты материалдар сот қарауында.