Елордадағы қоғамдық көліктің жұмысы әзірге жанданбайтын болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz.
"Қатаң карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты, елордадағы қоғамдық көлік жұмысы әзірге жанданбайды. Бағыттар туралы жолға шығар алдында қосымша хабарлаймыз", - деп хабарлады әкімдіктен.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда 144 карантин тәртібін бұзу жағдайы тіркелді.