"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси жетінші рет Испания біріншілігінің үздік сұрмергені атанды.
Месси 33 кездесуде 25 гол соқты. Осылайша ол "Реалдың" шабуылшысы Карим Бензема (37 кездесуде 21 гол) мен "Вильярреал" шабуылшысы Жерар Моренаден (35 кездесуде 18 гол) озып кетті. Бұған дейін Месси үздік сұрмерген, яғни "Пичичи" деп аталатын атақты 2010, 2012, 2013, 2017, 2018 және 2019 жылдары жеңіп алған еді. Биыл ол жетінші рет жеңіп, алты рет жеңген Тельмо Зарра деген шабуылшыдан озып отыр. Биыл Месси бұл атақты төртінші рет қатарынан алды. Сонымен қатар ол үздік ассистент атағын да алды. Аргентиналық мерген әріптестеріне биыл 21 нәтижелі пас беріпті.