Еуропадағы ең үлкен 3D-принтермен екі қабатты үй салынды. Жобаны бельгиялық Kamp C компаниясы жүзеге асырған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғимаратты 10х10 метр орын алатын COBOD BOD2 принтері тұтастай басып шыққан. Жалпы алаңы 90 шаршы метр болатын үйде кіреберіс, екі бөлме және асүй бар.