• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2020

Қостанайдағы 9 дәріханаға 3 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

161 рет
көрсетілді

Қостанай облысының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен прокуратура мамандары 70 шақты дәріханаға тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Рейд шаралары барысында дәрі-дәрмек бағасын негізсіз қымбаттатуға қатысты 14 хаттама толтырылған. Бүгінде тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 9 материалды тексеріп жатыр. 

"Шілденің 9-ы мен 20-сы аралығында өткен тексеріс шаралары барысында бірқатар дәріханаларға ҚР ӘК 426 бабының  1 бөлімі бойынша әкімшілік айыппұл салынады. Айыппұл көлемі 70 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін, яғни 194 460 теңгеден 2 778 000 теңгеге дейін" - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, рейд шаралары әлі де жалғасады.

 

Қостанай облысы