• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Шілде, 2020

COVID-19: Ирландия тәжірибесі

147 рет
көрсетілді

Ирландия  Батыс Еуропадағы өз азаматтарын алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен тегін қамтымайтын жалғыз мемлекет болатын. Елдегі  медициналық сақтандыру жүйесі көрсететін қызмет түрлері өте мол болғанымен ол негізінен тек байларға арналған-ды. Ал COVID-19–бен күрес сол жүйеге өзгеріс кіргізген, - деп хабарлайды Egemen.kz.

КВИ-ді тізгіндеу үшін бұл теңсіздік мемлекет үшін қаншалықты зиян болатынын жедел есепке алған Ирландия үкіметі азаматтардың барлығын тегін тестілеуден өткізу, COVID-19 диагнозын анықтау, емдеу және телеконсультация берудегі қаржыландыруды өз мойнына алған. Бұған қоса елдегі толып жатқан жеке медициналық сектордағы қызмет көрсетуішілермен келісімге отырып, олардың пациентті емдеуге кеткен шығынын өздері толықтай көтерген.

Енді осы тәжірибені болашақта да үзбеуді ойлаған мемлекет барлық  азаматтардың тегін медициналық жәрдем алуында және стоматологтер мен жалпы негіздегі дәрігерлердің қызметіне жүгінуінде жалғастырмақ ойлары бар екен.