Пандемияның әлем елдерінің экономикасына тигізген зардабы әліталай есепке алынар. Солтүстік көршіміз Ресей мемлектінде жұмыссыздар саны маусым айындағы мәлімет бойынша 4 млн. 606 мың адамды құрапты.
Бұл былтырғы мамыр айындағы есеппен салыстырғанда 93 мың адамға артық дейді Росстат мекемесінің мәліметіне сүйенген "Интерфакс". Жұмыссыздық көрсеткіші ай сайын артқан үстіне артып, наурызда - 4,7, сәуірде - 5,8 пайызды көрсетіп, мамырда - 6,1, ал маусымда - 6,2 пайызға өскен.
Адамдардың бұлайша табыс көзінен айрылып, жұмыссыздық қамытын мойындарына ілгені 2012 жылы болған, ал былтыр барлық жұмыссыздық көрсеткіші 4,3 пайызды құраған делінген.
Ресей Экономикалық даму министрі Максим Решетников осының алдында пандемия басталғалы 680 мың ресейліктің жұмыстарынан қысқартуға кеткенін, ал сәуірдің басынан 2 млн отандасының жұмыссыз болып тіркелгенін айтқан еді.