• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Медицина 21 Шілде, 2020

Демеу күшейді

153 рет
көрсетілді

Елімізге Үндістан мен Ресейден жеткізіліп жатқан дәрі қорының қомақты үлесі Тобыл өңіріне де жетті. Осыдан кейін аймақта дәріхана қоймаларын қажетті дәрі-дәрмекке толтыру мәселесі де реттеле бастады.

Ауадай қажет анти­био­тик­тердің ай­маққа жеткі­зіл­геніне 2-3 күн болды. Әлеу­­­меттік маңызы зор пре­парат­тар­дың ішінде ішкі бұлшық етке дәрі салу үшін ерітінді дайындауға арналған 58 мың құты цефтриаксон, 36,5 мың цефазолин, 20 мың қаптама ацетилин, 3 мың қаптама тамифлу мен терафлю, сондай-ақ ем алып жатқан науқастардың қаны ұйып қалмау үшін қолданылатын 200 қаптама клексан дәрісі бар.

«Стофарм» серіктес­ті­гі­нің коммер­циялық ди­рек­­торы Сергей Аткин­нің айтуынша, шетелдік дәрі­лер бір тәуліктің ішін­де облыстың барлық дәрі­ха­насына таратылып, саудаға шығарыла бастаған.

 – Бүгінде тұрғындар үшін азитромицин дәрісі де қолжетімді екенін айта кету керек. Қорда барлығы 6 мың қаптама бар. Сондай-ақ вирусқа қарсы гроприносин деп аталатын дәрінің 3,5 мың қаптамасы таратылуда. Қазір дәрі-дәрмектерді аймақ­тағы 300-ге жуық дәрі­ха­наға барынша тезірек таратып беруге күш салудамыз. Әйтеуір халыққа дәрі тап­шылығын сездірмеу үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатырмыз, – деді С. Аткин.

Мұның сыртында, аймақ­та­ғы ірі дәріхана желілеріне қаржылай қолдау көрсетіле бас­та­ды. Өткенде ғана облыс әкімі Архимед Мұхамбетов көтерме сауда фирмалары мен ірі дәріхана жүйелерінің басшыларымен кездесті. Кездесу барысында дәріхана жүйелеріне қайтарымды қаржылай көмек беру туралы шешім қабылданған.

– Бұл мақсатқа бірден 300 млн теңге бөлініп, дәріха­на­ларға облыс тұр­ғын­дарын аса зәру дәрілермен қам­та­ма­сыз ету міндеті жүктеліп отыр. Оның қата­рына қызу түсіретін, вирусқа қарсы қол­да­­нылатын препараттар, сондай-ақ қан қоюлануын тежейтін антибиотиктер жатады. Дәріхана иелері қа­ры­зға берілген қаржыны ешбір өсімақысыз жыл соңы­на дейін қайтарып бере алады, – деді Тауарлар және көрсетілетін қыз­мет­тердің сапасы мен қауіп­сіздігін бақылау департа­мен­тінің басшысы Орал Бекмағамбетов.

Денсаулық сақтау бас­қар­масының мәлі­метін­ше, таяу күндері облысқа Ре­сей­ден шыққан дәрі-дәрмектің жаңа легі келіп жетуі тиіс. Әлеуметтік маңызы бар бұл дәрілердің бәрі тұр­мы­сы төмен отба­сыларға таратылып беріледі.

 

Қостанай облысы