• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экология 21 Шілде, 2020

Заңсыз қоқыс полигондары анықталды

321 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Қазақстандағы ірі қалалар мен олардың айналасындағы 50 шақырымға дейінгі аумақта ғарыштық мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 7 мыңнан астам бейберекет қоқыс ошақтары анықталды. Заңсыз полигондарды азайту мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен еліміз бойынша ауқымды тексеру жұмыстары басталды.

Аталған жұмыстардың аясында министрлік өкілдері бас шаһардың маңындағы заңсыз қоқыс орындарына арнайы барып қайтты. Бұл республика көле­мінде жүргізілетін ауқымды жұ­мыстың басы ғана деп сендірді жауап­ты ведомстводағылар. Мұн­дай тексеру жұмыстары бү­кіл елде жасалады деп көзделуде. 

Салалық орган өңірлердегі бейберекет қоқыс үйінділер жайлы ақпаратты жинау үшін жедел желіні іске қосты. Бүгінде 250-ден астам шағым келіп түскен. Оның көбі Алматы облысы (40 шағым) мен Алматы қаласына (апта ішін­де 18 хабарлама), сол секілді Ақ­тө­бе, Ақмола және Шығыс Қазақ­стан облысындарындағы тұрмыс­тық қалдық үйінділеріне қатыс­ты. Жедел желіге ақпаратты Қа­ра­ғанды (15), Ақтөбе (14) об­лыс­тар­ының, сондай-ақ Ал­ма­тының (11) тұрғындары көп берген.

Таяуда Twitter-дегі парақ­шасында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бұл желіге Қазақстанның кез келген тұрғыны хабарласып, өз шаһарларындағы немесе аудандағы заңсыз қоқыс орындарына қатысты деректерді, сол секілді фото және бейнематериалдарды жібере алатынын айтқан еді.

«Сіздермен, сондай-ақ ішкі істер департаменті және әкімдіктермен бірге жағдайды бақылап, сол жерде шара қабыл­дайтын боламыз», деді жазбада министр. Құзырлы орган бір ай ішінде еліміздегі барлық қоқыс полигондарына толықтай мониторинг жүргізбек.

Ғарыштан жүргізілген бақы­лау арқылы министрлік өңірлер­дегі үйінділерді жоюдың жаңа кес­те­сін құрып, әкімдіктерге жол­дады. Бүгінде бұлардың 18-і жойылды.

Жуырда өткізілген Үкіметтің кеңейтілген отырысында Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде уақыт өткен сайын эко­логиялық проблемалар күрде­леніп бара жатқанын айтып, оны шешудің жолдарын тездетуді жүктеген-ді. Осыған байланысты Үкіметке заңнамалық базаны әзірлеп, Waste to energy (Қалдықтар энергияға) технологиясын енгізу үшін қолайлы инвестициялық жағдайды жақ­сартуды тапсырған болатын.