Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Талапкерлердің өтініштері бойынша БҒМ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:eGov арқылы (бейне-нұсқаулықтар парақшамызда көрсетілген);ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша жоо-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі).Барлық жоо-лардың тізімі және олармен хабарласу тәсілдері туралы ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.