Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы қосылып жасаған КВИ-ға арналған тәжірибелік вакцинаның дайын болғанын және оның ағзаға қауіпсіздігі мен клиникалық тәжірибелерде иммундық жақсы әсері барлығын Reuters хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
AZD1222 деген ат берілген бұл вакцинаны ДДСҰ ғалымдары әлем бойынша қолдануға болатын басты басты екпе ретінде қарастырып отыр екен.
Вакцинаны тәжірибеден өткізу барысында антидене және Т-жасушалары түзілген және бір атап өтерлігі, вакцинаның бір емес екі дозасын алған адамдарда ол айқын көрініпті.
Жобаны қаржыландырған Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон нәтижені "өте жағымды жаңалық" деп бағалапты. Алайда зерттеушілер вакцинаның әлі де зерттеле түсетінін атап өтті.