• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Шілде, 2020

Арнасай және Жаңа әуежай көшелері 10 тамызға дейін жартылай жабылады

349 рет
көрсетілді

Елорда тұрғындары мен қонақтары маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Орташа жөндеу аясында Арнасай көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Жаңа әуежай көшесіне дейін жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осындай жұмыстар Жаңа әуежай көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Арнасай көшесіне дейінгі учаскеде жүргізіледі. Осыған байланысты 21 шілдеден 10 тамызға дейін қозғалысты ішінара жабу жоспарлануда.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", деп хабарлады көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.