• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 21 Шілде, 2020

МӘСҚ індетке шалдыққан науқастарды емдеу үшін 811,4 млн теңге бөлді

257 рет
көрсетілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус пен  пневмонияға шалдыққан  науқастарды емдеу үшін наурыз-маусым аралығында еліміздің стационарларына 62,9 мың төсек-күнге 811,4 млрд теңге төледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Осы уақыт аралығында карантиндік стационарларға 16,3 мың, провизорлық орталықтарға 17,5 мың, ал инфекциялық ауруханаларға 29,1 мың төсек-күні төленді.

Төсек-күнге пациенттің стационарда орны, аурудың диагностикасы мен емі кіреді. Қазір денсаулық сақтау жүйесінде төсек қорын ұлғайту қажет. Қазақстандықтарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін Қор шілде айында медициналық ұйымдарға тарифті көтерді .

Медициналық сақтандыру қорында аталған қызметтерге тарифтің артуы Қор жеткізушілерінің санын көбейтуге, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан  науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға және стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар № 10 Клиникалық Хаттамаға, 2020 жылғы 4 шілдедегі № 104 басылымға сәйкес, аурудың асимптоматикалық және жеңіл түрі бар науқастарды тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханалардың учаскелік дәрігерлері бақылайды.

Стационарлық емге Covid-19 шалдыққан орташа ауыр және  ауыр жағдайдағы пациенттер ғана жатқызылады.