• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2020

Жітіқарада 5-қабаттан құлаған бала аман қалды

166 рет
көрсетілді

Жітіқарада 5-қабаттан құлаған бала аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 20-шілде күні сағат 23:00 шамасында бөлмеде жалғыз қалған 4 жасар бала терезенің алдына шығып, москит торына сүйене бергенде, тор бекіткішінен шығып кеткен.

Салмағы сыртқа ауып кетіп, төменге құлдырай жөнелген бала жұмсақ төсеніш шөптің үстіне түсіп аман қалған. Қазір Жітіқара аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Өкінішке қарай, мұндай қайғылы оқиға биыл Жітіқарада екінші рет қайталанып отыр.