• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2020

Елордалық емханаға оттегі концентраторлары жеткізілді

190 рет
көрсетілді

Өмірлік қажет жабдықтар бұрынғы "Рамада Плаза" қонақ үйінде орналасқан № 3 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта мұнда коронавирус инфекциясы бар үш жүзге жуық науқас ем алуда, деп хабарлайды covid19.astana.kz сайты.

"Бүгін біз Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінен 59 оттегі концентраторын алдық. Бұл біздің науқастарымызға үлкен көмек. Жабдықтар олардың емделуіне және жағдайын жақсартуға көмектеседі", – дейді №3 көпсалалы қалалық аурухана директорының орынбасары Жанар Ксанова.

Бұрын хабарланғандай, Елорда ауруханалары мен емханаларына коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін қосымша медициналық жабдықтар түсті. Олардың ішінде 150 флуометр, 350-ден астам оттегі концентраторы, таяу күндері өкпені жасанды желдетуге арналған 50 аппарат келіп түседі. Жақын күндері қала ауруханалары мен емханаларына тағы 250-ден астам оттегі концентраты, 350 флуометр, 2 компьютерлік томограф және т.б. жабдықтар келіп түседі.