• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2020

Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы ашылды

170 рет
көрсетілді

21 шілдеден бастап Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы ашылды. Бұл туралы Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Qazaq Air" авиакомпаниясы ішкі бағыттар бойынша сұранысты қанағаттандыру мақсатымен субсидияланатын авиабағыттарға қосымша конкурс нәтижесі бойынша 21 шілдеден бастап Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады", - делінген хабарламада.

Бір бағытқа билеттің кұны – 20 000 тг.

"SCAT" авиакомпаниясы орындайтын аптасына 2 рейске "Qazaq Air" авиакомпаниясының қосымша 2 рейсін қосуға рұқсат етілді. Қазіргі уақытта аталған бағыт бойынша аптасына 4 рейс орындалады.

"Qazaq Air" әуе қатынастары сейсенбі және сенбі күндері мына кесте бойынша орындалады: Жезқазған (12:00) – Алматы (13:55); Алматы (14:30) – Жезқазған (16:25). Барлық рейс сыйымдылығы 76-дан 86 орынға дейінгі "Bombardier" әуе кемелерімен орындалады.