Испания Денсаулық сақтау министрілігінің мәліметтеріне қарағанда COVID-19-дан қорғануға арналған режим босаңсыған бір айдың ішінде оған шалыққандар саны 400 пайызға артқан, - деп жазады Egemen.kz
Әсіресе ауырғандар Каталония мен Арагонда көбейіп, жергілікті билік карантиндік шараларды қатайтуға мәжбүр болыпты. Тұрғындарға аса бір ділгірлік тумаса үйлерінен шықпауы, 10 адамнан артық еш жерде жиналмау қажеттігі айтылған.
Жағажайларда да қатаң сақтық тәртібін сақтап, бетті тұмшалап, арақашықтықты ұстау ескертілген.